$513 €541.16 ₽4.69
×

Биыл 110 мыңнан астам адам қоғамдық қабылдау бөлімшелеріне жүгінген

28.11.2024ж. 20:00
55
Биыл 110 мыңнан астам адам қоғамдық қабылдау бөлімшелеріне жүгінген

Биыл 110 мыңнан астам адам қоғамдық қабылдау бөлімшелеріне жүгінген. Бұл туралы "AMANAT" партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев айтты. Ол келген өтініш хаттарды қарап шықты. Онда әлеуметтік нысандардың тапшылығы, электр сымдардың қауіптілігі, апаттық-құтқару қызметтеріне қатысты деді. Сонымен қатар жергілікті өкілді органдардың жұмысын жақсарту, әсіресе мәслихат депутаттарының азаматтарды қабылдауын арттыру бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды. 

ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Жыл сайын қоғамдық қабылдауға жалпы партияның нағыз мәселені шешетін алаңы ол қоғамдық қабылдау бүкіл республика бойынша. 200 ден астам біздің қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс жасайды. Біздің мына статистиканы қарап отырсақ жылдан жылға бізге деген сенімнің артып келе жатқанның көріп отырмыз. Биылғы жылдың 10 айын алып қаайтын болсақ 111 мың адам партияға қайырылыпты қоғамдық қабылдау арқылы. Соның ішінде 60 пайыздан астамы шешілген.