$518.37 €609.97 ₽6.6
×

Мемлекет басшысы Албания Президенті Байрам Бегайға құттықтау жеделхатын жолдады

AstanaTV
28.11.2024ж. 21:37
679
Мемлекет басшысы Албания Президенті Байрам Бегайға құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Astana TV.

Президент Албания мемлекетінің әлемдегі мәртебесі асқақтап, халқының ырыс-берекесі арта беруін тіледі. Сондай-ақ Астана мен Тирана арасында мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достық қалыптасқанын атап өтіп, бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің сан қырлы байланыстары одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.