$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Атырауда таныс келіншек пен оның екі баласын өртеді деген күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылды

29.11.2024ж. 20:00
76
Атырауда таныс келіншек пен оның екі баласын өртеді деген күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылды

Атырауда жантүршігерлік қылмыс істеді деп күдікке ілінген Батыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғыны өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сотталушыға тұрғын жайға заңсыз кіру, бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру, адам өлтіруге оқталу және адам өлтіру айыбы тағылған. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қылмыстық Кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп таныды. Сондай-ақ жәбірленуші тарапқа 30 млн теңге моральдық және 6 млн теңге мүліктік залал төлеу міндеттелді. 

ЗАРЕМА ХАМИДУЛЛИНА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жаза өтеу орны Қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесі белгіленсін. Саясатқа қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын.

Еске сала кетейік, жаға ұстатқан қылмыс биыл Индер ауданында болды. 25-сәуір күні 32 жастағы жігіт көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің біріне өрт қойып, салдарынан үйде болған 7 және 10 жастағы екі жасөспірім қаза тапқан. Денесінің 90 пайызын күйік шалған келіншек те көз жұмған еді. Сот кезінде айыпталушы кінәсін мойындаған жоқ.