$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Тарихи маңызы бар кітаптар қазақ және орыс тілдеріне аударылды

29.11.2024ж. 20:00
57
Тарихи маңызы бар кітаптар қазақ және орыс тілдеріне аударылды

"Жамиғат ат-тауарих" пен "Мехман-нама" кітаптары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Тұсаукесер рәсімі Еуразия улттық университетінде өтті. 700 жылдық тарихы бар парсы тіліндегі құнды шығармаларды Ираннан Астанаға осыдан 15 жыл бұрын жазушы Ержан Исақұлов жеткізген. Оларды екі тілге ғылыми қызметкер Зәріпбай Оразбай аударды. 

ЕРЖАН ИСАҚҰЛОВ, САЯСАТ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Зәріпбай Жұманұлы Оразбаев екеуіміздің жұмысымыз. Кітаптың түпнұсқасын мен Ираннан алып келдім. Ол кітапты жаңағы Рашид ад-дин жазған. Шыңғыс ханның тірі кезінде басталған жылнамасының негізінде жазылған. “Жамиғ ат-тауарих” деген кітапта түркі халықтарының шығу тегі, оның ішінде Шыңғысханның ата-тегінің, өзінің, балаларының тарихы жазылған.