Астанада бұрымды бойжеткендер бақ сынады. "Шашбаулым" танымдық-этнографиялық сайысқа орта және жоғары оқу орындарынан 16 қыз қатысты. Олар өз өнерлерін көрсетіп, сахна төрінде сән құрды. Толығырақ тілші бейнематериалында.
Қыз қылығымен көрікті. Сайысқа қатысушылардың бәрі бір-бірінен өткен қылықты. Аружан Әбілмансұрова бұл жарысқа 2 аптадан аса дайындалған. Бастысы жеңіске деген сенім мол дейді.
АРУЖАН ӘБІЛМАНСҰРОВА, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:
Жалпы шашбаулым атты байқау мен үшін өте орасаң зор әсерін қалдырды. Негізінде мен қатысып жатқаныма өкінбеймін. Керемет сайыс. Барлық қыздарға сәттілік тілеймін. Бірақ өзіме жеңіс тілеймін.
Сайысты тамашалауға келген халықтың қарасы қалың. Тіпті, ине шаңшырлық орын болмады. Ал қолдаушылардың ыстық ықыласы ерекше байқалды
Байқау үш кезеңнен тұрды. Яғни, қатысушылар өздерің таныстыру, өнерін көрсету және тарихи сұрақтар бойынша сайысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс биыл екінші рет өткізіліп отыр.
ТҰРАР САТТАРҚЫЗЫ, "ҚАРА ШАҢЫРАҚ" ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Қоғамдық осы ұлттық құндылықты дәріптеп отырғаннан кейін біздің қыздарға дайындаған сыйлықтарымыздың өзі осы сыйлықтың мәнін ашып тұрғандай. Себебі біз қыздарымызға 1 ай бұрын дайындалып сол сайысқа "Шашбаулым" дегеннен кейін бас жүлдеге мәселен белгілі зергер танымал этно дизайнер Берік Әлібайдың қолынан шыққан зергерлік бұйымдарды дайындаттық.
Басты мақсат - қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, инабаттылық, кішіпейілділік сынды ұлттық қасиеттерді дәріптеу дейді.
АЙЖАН МҰСАБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ РУХАНИЯТ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Мұндағы мақсат Елорда тұрғындарын басқа да қонақтарды қазақ тілінің қандай тамаша салт дәстүрі бар екенін. Одан кейін жастарға тәрбие беру мақсаты. Қандай салт-дәстүрлеріміз бар? Оның тереңіне бойлау, сонымен қатар ұлттық құндылықтарымызды насихаттау болып табылады. Мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Жарыста жүлделі атанған аруларға белгілі зергер Берік Әлібайдың ұлттық әшекей бұйымдары табысталды. Яғни бас жүлде жеңімпазына - шашбау, 1 орын иегеріне тұмарша берілді. Ал, 2 орынға күміс жинағы мен 3 орынға күміс сырға табысталды. Қалған қатысушыларға құстұмсық жүзігі мен арнайы кітаптар сыйға берілді.