Қарағандыда төрт жасар бала абайсызда 6- ыншы қабаттағы пәтерде қамалып қалды. Бала әжесімен бірге болған, ол кісі аз ғана уақытқа кіреберіске шыққан кезде есік кенет тарс жабылады.
Құтқарушылар дереу оқиға орнына жетіп, автосаты арқылы балконға кіріп, пластикалық терезені ашты. Мұқият әрекеттердің арқасында есік-терезелерге зақым келтірмеді. Бөлмелердің біріндегі төрт жасар бала туыстарына тапсырылды.
Мадияр НҰРМҰҚАН, ӨРТ СӨНДІРУШІ:
Қарағанды облысының ТЖД 4 жасар баланы құтқару жұмысын сәтті өткізді. Қуанышымызға орай бала медициналық көмек қажет етпеді.