$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Шымкентте 34 жастағы келіншек 10 баланың анасы атанды

AstanaTV
30.11.2024ж. 19:52
278
Шымкентте 34 жастағы келіншек 10 баланың анасы атанды

Шымкенттік келіншек Азиза Қалиева оныншы перзентін дүниеге әкелді. 1990 жылы туған көпбалалы ана ұлын қалалық перинаталды орталықта кесарь тілігі арқылы босанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нәрестенің салмағы - 4900гр. Дәрігерлердің айтуынша, қазір ана мен сәбидің жағдайы жақсы.

Қала әкімдігінің мәліметінше, қалалық перинаталдық орталықта биылдан бастап неонаталдық хирургиялық операциялар жасала бастады. Мамандандырылған көмек түрлерін көрсетуге барлық жағдай жасалған. Мұнда ішкі ағзалар ақауымен туылған 40-там астам сәбиге күрделі ота жасалды.

Перинаталдық орталықта жыл басынан бері 7517 сәби дүниеге келген. Оның ішінде мерзіміне жетпей туылған 707 нәресте және 96 егіз бар.