$515.25 €535.91 ₽5.18
×

Аустралияның бастамасынан кейін германиялықтар да балаларға әлеуметтік желіні шектеуді қолдады

AstanaTV
01.12.2024ж. 16:13
233
Аустралияның бастамасынан кейін германиялықтар да балаларға әлеуметтік желіні шектеуді қолдады

YouGov социологиялық институтының сауалнамасының қорытындысы бойынша балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге тіркелуіне тыйым салатын заңды Германия тұрғындарының 77%-ы қолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Германиялықтардың басым көпшілігі әлеуметтік желілер балалар мен жасөспірімдерге теріс әсер етеді деп санайды. Респонденттердің 82%-ы осылай сенімді жауап берді. Тек 9%-ы TikTok, Instagram және Facebook-тің балаларға кері әсері жоқ деп есептеген.