$514.93 €536.04 ₽5.18
×

Үндістанда «Фенгал» дауылынан үш адам қаза тапты

AstanaTV
02.12.2024ж. 07:37
141
Үндістанда «Фенгал» дауылынан үш адам қаза тапты

«Фенгал» дауылынан кейін Үндістанда бірнеше штатта су тасқыны болды. Әсіресе Тамилнад штаты зардап шекті. Бұл туралы «Report» басылымы хабарлады. 

Ченнай қаласында су тасқыны салдарынан кем дегенде үш адам ток соғудан қаза тапты.

- Штаттың басқа қаласында Виллупурамда бір түнде 1 400 адам эвакуацияланды, - деді аудан коллекторы. 

Табиғи апаттан зардап шеккен басқа тұрғындарды көшіру шаралары жүргізіліп жатыр. 

«Фенгал» дауылды циклоны кеше түнде Үндістанның оңтүстік-шығыс жағалауына жетіп, бірқатар қала мен облысты су басты.