$518.31 €567.96 ₽6.03
×

Әнел Сытдықова Антарктиданы жүзіп өткен тұңғыш қазақ әйелі атанды

02.12.2024ж. 20:00
609
Әнел Сытдықова Антарктиданы жүзіп өткен тұңғыш қазақ әйелі атанды

Армысыздар! Иә, триатлоншымыз Әнел Сытдықова сонау Антрактиданы жүзіп өтті. Осылайша ТМД елдері арасында мұздай суды бағындырған алғашқы қазақ әйелі атанып, қуантты. Спортшы 750 метр қашықтықты 19 минутта бағындырды. Судың температурасы -1,5 градусты көрсеткен. Әнел жүзуге қолайлы сәтті Антрактидада 10 күн күтіпті.

Естімеген елде көп. Қазақстандық хоккейші шайбаны тісімен қағып алды. Теміртаулық “Қармет” жастар клубының қақпашысы Алексей Зюзин өзіне бағытталған шайбаны тісімен ұстап, ерекше сейв жасады. Жанкүйерлерді таңғалдырған 18 жастағы спортшы ешқандай жарақат алмаған.

Футбол матчы кезінде ойыншының жүрегі тоқтап, соңы трагедиямен аяқтала жаздады. Оқиға италияндық Интер мен Фиорентина арасындағы кездесуде тіркелді. Ойынның 15-ші минутында Эдоардо Бове есін жоғалтып, төреші ойынды тоқтатуға мәжбүр болды. Футболшы жылдам ауруханаға жеткізіліп, Фиорентина футбол клубы ресми мәлімдеме жасады. Ал кездесу кейінге шегерілді.

ФИОРЕНТИНА ФУТБОЛ КЛУБЫ:

Бове жедел жәрдем бөлімінде гемодинамикалық тұрақты жағдайда түсті, алғашқы кардиологиялық және неврологиялық зерттеулер жедел орталық жүйке мен кардиореспираторлық жүйелерде зақымдануды жоққа шығарды. Ол алдағы 24 сағат ішінде қайта тексеруден өтеді.

Ал Гвинеяда футбол жанкүйерлері қақтығысып, жүздеген адам қаза тапты. Қайғылы оқиға елдегі екінші ең ірі қала Нзерекореде болған. Куәгерлердің айтуынша, төбелес төрешінің даулы шешімінен соң басталыпты. Дәрігерлердің бірі “қаза тапқандар саны шамамен 100 адам” деп мәлімдеп, жергілікті аурухана мен мәйітхананың толып қалғаны айтылды. Тағы бір дәрігер ондаған адам қаза тапқанын жеткізді.

Спорттағы маңызды ақпарат легі осындай. Келесі кездескенше есен-сау болыңыздар!!!