$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Оралдық еріктілер тұрғындарға қол ұшын созды

02.12.2024ж. 20:00
302
Оралдық еріктілер тұрғындарға қол ұшын созды

"Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы басталғалы Орал шаһарының шырайы кіріп қалды. Өйткені туған жерін таза ұстауға тырысқан еріктілердің көмегімен өзен жағалауы мен отыздан астам көпқабатты үйдің ауласы жаңарып қалған. Екі қолға бір күрек ұстаған студенттер бүгін де белсенділік танытты. Тұрғындарының денін қариялар құрайтын көпқабатты үйдің аумағын бірер сағатта мұнтаздай қылды. Жалпыхалықтық сипат алған бұл қозғалысқа өңірде 138 мың адам қолдау білдіріп, 5 мың тонна қоқыс шығарылған. Тазалықшылардың көмегіне қарапайым қалалықтар да жүгіне алады. Бұл үшін әлеуметтік желі арқылы арнайы парақшаға өтініш қалдыруы керек.

АМАНАТ БЕКТҰРСЫНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

35-ке жуық мекенжай тазартылды. Оның ішінде қарияларымыз да бар, тұрғындар да бар. Өздерінің өтініштерінен кейін еріктілермен бірге жұмыс атқарып жатырмыз. Қала тұрғындарын бір аула тұрғындарын бір жерге басын тоғыстырып, яғни, туған жерге деген сүйіспеншілігін әрі өздерінің аулаларын таза ұстауға ынталандырып жатырмыз.