Алматыда жеке үйлердің бірінен 89 жастағы әйел мен 87 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Қалалық полиция департаменті ерлі-зайыпты пышақ жарақатынан көз жұмғанын анықтады. Қайғылы оқиға бірнеше күн бұрын болған. Күдікті ұсталды. Ол Түркісіб ауданының тұрғыны болып шықты.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Алдын ала мәлімет бойынша, 56 жастағы әйел жанжалдың салдарынан өзінің таныстарын өлтірген. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда.