«Қызылорда облысынан орман шаруашылығын зерттеу институтының филиалын ашу қажет. Сонда біз Арал мәселесін зерттеп, үлкен нәтижеге қол жеткіземіз». ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шарбиевке сала ардагері осындай ұсынысын айтты. Аймақ тұрғындары вице-министрмен жүзебе-жүз кездесіп, жеке қабылдауында болып толғандырған өзге де сауалдарына жауап алды.
Вице-министрмен кездесуге келгендердің қарасы қалың. Көпшілігі жеке қабылдауында болып, пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді. Сонын бірі - Файзулла Смағұлов. Ол орман шаруашылығы саласында 30 жыл қызмет еткен. Сала ардагері Арал мәселесін көтерді. Мемлекет басшысының бастамасымен 1 млн гектардан аса теңіз ұлтанына сексеуіл егу жұмыстарының мерзімін әлі де ұзарту керек дейді ол. Сонымен қатар маман даярлау турасында да ұсынысын айтты.
ФАЙЗУЛЛА СМАҒҰЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Қызылорда өңірінен орман шаруашылығын зерттеу институтын ғылыми зерттеу институтын ашу, филиалын ашу. Аралдың теңізінің табанындағы тұзды топырақтарын зерттеу мақсатынды Қызылордадан ашса филиал деген ұсыныс. Соған қанағаттандым шешімдеріне. Қызылордадағы университеттерден + орман шаруашылығы факультетін ашу туралы ұсыныс-пікір білдірлім.
Вице-министр одан әрі тұрғындармен кездесті. Салада атқарылып жатқан жұмыстар мен ауқымды бастамаларға тоқталды. Тұрғындар көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, сала мамандарынан да тікелей жауаптарын алды. Кездесуде біршама мәселе көтеріліп, шешу жолдары да қарастырылды.
НҰРКЕН ШӘРБИЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Кездесу барысында қоқыстарды қайта өңдеу, полигондар салу, Арал мәселесі көтерілді. Аралдың құрғаған табанына сексеуіл егу жұмыстары аяқталып қалды. Ол мамандармен қатаң тексерілетін болады. Жеке қабылдауда кейбір нысандарға қатысты да шағымдар түсті. Оны департамент әрі қарай зерттеп, тиісті шешім қалыдайды.
Нұркен Шарбиев «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына да тоқталды. Қызылорда облысы бойынша оған 600 мыңнан аса адам атсалысқан. Қоқыстарды өңдеу және жою жұмыстарына республика бойынша 185 млрд теңге қарастылуда дейді вице-министр. Оған заман талабына сай қоқыс полигондарын салу да жоспарда бар.