$503.15 €543.3 ₽5.93
×

"Есірткіні қолданудың қайғылы салдарын жастарға жеткізу үшін насихаттың кез келген түрін қолдану қажет ", - депутат

02.12.2024ж. 20:00
296
"Есірткіні қолданудың қайғылы салдарын жастарға жеткізу үшін насихаттың кез келген түрін қолдану қажет ", - депутат

Елордада «Тәуелсіздер» деректі драмасының премьерасы өтті. «Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында қойылған спектакльдің басты тақырыбы есірткі қылмысы мен нашақорлықтың алдын алу. Драма нақты оқиғаларға негізделген. Автор шығармашылық объективі арқылы өз өмірі туралы ойлануға мәжбүр ететін және рухани құндылықтарды жеткізген.

ОЛЕГ ФЕДОРЕНКО, РЕЖИССЕР:

Біз 6 кейіпкер таңдап алдық. Яғни, 6 түрлі тарих. Олардың арасында мектеп оқушылары да бар. Ақ ұнтаққа тәуелді ересектер де бар. Кейіпкерлер арасында есірткіні қабылдамағандары да бар. Бірақ олар тасымалдады. Спектакльде барлығын қамтыдық.

Есірткі саудасы қазір көпшілікті толғандырған мәселеге айналған. Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы қылмысқа қатысы бар адамдардың жазасын қатаңдатуды тапсырған еді. Сол үшін бұл деректі драма тек көрермендердің ғана емес билік өкілдерінің де қызығушылығын тудырды. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Есірткіні қолданудың қайғылы салдарын жастарға түсіндіру маңызды дейді.

ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қазақстанда және бүкіл әлемде синтетикалық есірткінің көп таралуы қоғам үшін үлкен проблема. Біз бұл зұлымдықпен барлық деңгейде күресуіміз керек екенін түсінуіміз керек. Оның ішінде театрлар, шоулар мен фильмдер, YouTube подкасттары арқылы. Жастарға кішкентай дозадан да тәуелді болатын нәрседен аулақ болуыды жеткізу үшін кез-келген форманы табу керек.