Елімізде 12 жасқа толмаған балаларды ата-ананың қарауынсыз қалдыруға заңмен тыйым салынуы мүмкін. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева осындай ұсыныс айтты. Таңнан кешке дейін үйде жалғыз қалатын балаларға алаңдаушылық білдірген ол оқыс оқиғаларға көп жағдайда балалардың қараусыз қалуы себеп екенін айтады.
ДИНАРА ЗӘКИЕВА, ҚР БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ:
Оқиғаларды талдай отырып, 12 жасқа дейінгі балаларды ересек адамдардың қарауынсыз қалдыруға заңмен тыйым салуды қарастыру қажет деп есептеймін. Әрине, қолдауды қажет ететін отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек бағдарламалары қамтылуы керек.
Ұсыныс ел ішінде қызу талқыланып жатыр. Бала қауіпсіздігі үшін көтерілген бастамаға қолдау білдіріп жатқандар көп.
Блиц-сауалнама:
- Дұрыс деп ойлаймын. 12 жастағы баланы үйде қалдыруға болмайды. Бала бала ғой ол.
- Обязательно біреу болу керек. Кішкентай деп ойлаймын 12 жас.
- Дұрыс, жалғыз қалдырмау керек баланы. Жұмыс істейтін ата-ана болса, баланы үйірмеге ма, бірнәрсемен қамту керек ғой енді.