«Валюталық ауытқулар әрдайым болған және бола береді». Нарықтағы жағдайға қатысты Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров осылай деді. Доллар бағамы кейбір айырбастау пунктерінде АҚШ валютасының бағамы 530 теңгеге жетті. Министрдің айтуынша, бұл әлеуметтік салаға, азық-түлік бағасына әсер етпейді. Жағдай бақылауда.
НҰРЛАН БАЙБАЗАРОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру үшін жаңа егіннің қоры пайдаланылады. Қысқы және көктемгі маусымаралықта азық-түліктің айтарлықтай қоры қалыптасты. Бұл қорлар сақтау мерзімін ескере отырып, жүйелі түрде толықтырылады және елдің бірнеше айлық қажеттілігін өтеуге қабілетті. Жаңа жылдық мерекелер жақындағандықтан, мүмкін болатын баға өсімін тежеу үшін қосымша шаралар қабылдануда.