$522.63 €548.66 ₽5.07
×

Теміртауда заңсыз жұмыс істеген майнинг фермасы анықталды

AstanaTV
02.12.2024ж. 23:20
340
Теміртауда заңсыз жұмыс істеген майнинг фермасы анықталды

Теміртау қаласында заңсыз майнинг фермасын ұйымдастыру фактісі анықталды, деп хабарлайды KAZINFORM 

Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметіне қарағанда күдіктінің Теміртау қаласындағы өндірістік база аумағында металл контейнерлерде криптовалюта өндіру үшін арнайы жасалған есептеу құрылғыларының кешенін орнатқаны анықталды.

— Тінту барысында объектіден 156 бірлік майнинг жабдықтары (ASIC) және басқа да қосалқы құрылғылар табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізілуде. Тергеу аясында Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпараттар жариялануға жатпайды, — делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

Осы жылдың басынан бері заңсыз майнингтік фермаларды ұйымдастырудың 11 фактісі анықталды, олардың қылмыстық табысының жалпы сомасы 440 миллион теңгені құрады. Тергеу барысында 269 миллион теңге сомасында майнингтік жабдықтары тәркіленіп, 373 миллион теңге сомасында цифрлық активтер өндірілді. Сотқа жіберілген екі қылмыстық іс бойынша жалпы қылмыстық табыс 216 миллион теңгені құрады. Осы істер шеңберінде 1,1 миллиард теңгелік мүлік пен 30 млн теңгеден астам цифрлық активтер тәркіленді.