$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия қазақстандық байқаушыларды оқытып жатыр

AstanaTV
16.03.2016ж. 20:00
1803
Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия қазақстандық байқаушыларды оқытып жатыр

Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия қазақстандық байқаушыларды оқытуды жалғастыруда. Бүгін бір топ жас байқаушыны жинап демократиялық сайлаудың негізгі қағидаларын үйрететін семинар-тренинг ұйымдастырды. Байқаушы деген кім деген сұрақтан бастап, олардың құқықтары мен міндеті егжей-тегжей түсіндірілді. Қоғамдық комиссия мүшесі Әділ Ахметовтің айтуынша, бүгінде байқаушылардың 90 пайызы қоғамдық комиссия өткізген оқытулардан өткен. Байқаушыларға арналған оқытулар әлі де жалғаса түспек.  

Әділ Ахметов, ҚР Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия мүшесі:

10 мыңнан астам байқаушылар бар ғой. Солардың көбі жастар. ЖОО студенттері, аспиранттар, докторанттар, магистранттар, ішінде басқа саладағы адамдар да жүр. Байқаушылардың барлығы дерлік осындай семинар-тренингтен өтті. Оларды дайындап жатыр. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ