АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп өзінің алғашқы шетелдік сапарын демалыс күндері Парижге жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Мен сенбі күні Парижге, Францияға бес жыл бұрын жойқын өрттен кейін толығымен қайта салынған керемет және тарихи Нотр-Дам соборының қайта ашылуына қатысатынымды мақтанышпен хабарлаймын", - деп жазды Дональд Трамп "Truth Social", - дағы жазбасында.
Тарихи собор 2019 жылдың сәуірінде өрттен зардап шекті және содан бері қайта жөндеуден өтіп жатыр. Қалпына келтіру жұмыстары ұзақ жылдар бойы жалғасып отырғанына қарамастан, Нотр-Дам келушілерді 7 желтоқсанда қарсы алуы тиіс.