$523.17 €550.06 ₽4.93
×

Ақтөбеде Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы сотталды

03.12.2024ж. 20:00
195
Ақтөбеде Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы сотталды

Ақтөбеде Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы сотталды. Ол мектеп директорына әріптестерінен ақша жинатып, өз қажетіне жаратқан көрінеді. Іс материалдарына жүгінсек, оған мектеп директоры 1,5 миллион теңге әкеліп берген. Мұны биыл жазда антикор әшкереледі. Бірақ іс сотқа жетпей сотталушы мен прокурор арасында процестік келісім жасалған. Сотталушы кінәсін толық мойындағандықтан, оған бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ал мектеп директорына қылмыстық іс бөлек қаралады.

ЖАНСАЯ ТАИРОВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Сот үкімімен сотталушы “Ж” кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазымды атқаруға өмір бойы тыйым сала отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасымен пробациялық бақылау тағайындалды. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.