Мақтаарал ауданының жұртшылығы енді әлем әдебиетінің жауһарларын ана тілінде оқи алады. Түркістан облысында осымен үшінші «КІТАП - AMANAT» орталығы ашылды. "Аманат" партиясының облыстық филиалы мұрындық болған бұл жоба оқырмандар үшін көп мүмкіндіктер қарастырған. Мәселен, оқимын деген азаматқа шектеу жоқ. Оның үстіне, ұнаған кітапты сол жерде сатып алуға да болады. Естеріңізге сала кетсек, аталған жоба "Аманат" партиясы әйелдер қанатының бастамасымен жүзеге асырылуда.
ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Көптен бері көп адамды ойландыратын осы "Кітап-Аманат" жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бірнеше ауданда ашылды. Бүгін, міне, Мақтаарал ауданына табан тіреп тұрмыз.