$503.05 €542.99 ₽5.98
×

Жетісу облысында мектеп оқушысының аяғына оқ тиіп, жансақтау бөліміне түсті

03.12.2024ж. 20:00
260
Жетісу облысында мектеп оқушысының аяғына оқ тиіп, жансақтау бөліміне түсті

Жетісу облысында мектеп оқушысына оқ тиіп, аяғынан ауыр жарақат алды. Жазатайым жайт Алакөл ауданындағы Көлбай ауылында болған. 15 жастағы жеткіншек Талдықорған қаласындағы облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жетісу облыстық білім басқармасының ақпаратына сәйкес, Көлбай орта мектебінің 9, 10-сыныбының үш оқушысы құс атуға шыққан. Мылтық абайсызда атылып кетіпті. Науқасқа операция жасалып, ашық жіліншіктің оқ жарақаты деген диагноз қойылды.

ЖАНАР ҚАЛЫҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Алакөл ауданында жасөспірім байқаусызда досына мылтықпен ату дерегі тіркелген. Балалар атасына тиесілі қаруды қызық көріп, рұқсатсыз алған. Жәбірленуші аяғынан жарақат алып ауруханаға жатқызылды, кінәлі жасөспірім есепке алынып, ал ата-анасы жауапқа тартылды. Полициямен сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.