Алматыда Түрксіб ауданында қойма кешенінің аумағында 21 жастағы жігітті жедел саты басып қалды. Алған жарақатынан ол сол жерде жан тапсырған. Алдын ала ақпараттар бойынша жұмысшы дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Қалалық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстарының басталғанын хабарлады. Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Түркісіб аудандық полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Адамның өлімінің себеп салдарын анықтау мақсатында сот медициналық сараптама тағайындалды.Болған оқиғаның толық мән жайын тергеу барысында анықтайтын боламыз.