$523.58 €549.71 ₽5.01
×

"Ақмола облысында 6 елдімекен газбен қамтамасыз етіледі", - М. Ахметжанов

03.12.2024ж. 20:00
94
"Ақмола облысында 6 елдімекен газбен қамтамасыз етіледі", - М. Ахметжанов

Келер жылы Ақмола облысында 68 мың адам тұратын 6 елдімекен газбен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы өңір басшысы Марат Ахметжанов Орталық комуникациялар қызметінде айтты. Астана маңындағы Аққайың, Алтынсарин, Талапкер, Қаражар, Қызылсуат, Қосшы қаласы 2025 жылы көгілдір отынға қосылса, Қараөткел және Ақмол, Ақбұлақ пен Тайтөбе ауылдарының тұрғындары 2026 жылы газға қол жеткізеді.

МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бұған дейін жүйеге Аршалы ауданының 16 ауылы қосылған болатын. Биыл 4 елді мекенді қосу қамтамасыз етіледі. Ол Жібек жолы, Шұбар, Қоянды және Нұрлы. Біз облыс тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін аянып жатқан жоқпыз.

Өңірде тіршілік нәрін әлі күнге дейін тасып ішіп отырған ауылдар бар. Әкім бұл елдімекендерді де назардан тыс қалдырмады. Аймақты тұрақты әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін биыл 34 млрд теңге қаржы бөлінген. Егіндікөл ауданында 70 шақырымға жуық желі салынды. Жобаның игілігін бірнеше ауыл көріп отыр дейді әкім.

МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Биыл Үкімет резервінен Егіндікөл және Қорғалжын аудандары үшін бас су тартқышты қайта жаңартуға қосымша қаражат бөлінді. Сондай-ақ облыс орталығының су тазарту құрылыстарын салу жобасы аяқталу сатысында тұр. Желтоқсан айында құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтаймыз, содан кейін персоналды оқытумен іске қосу-реттеу жұмыстарын бастаймыз.