$523.17 €550.06 ₽4.93
×

Оқушыларды тамақтандырудың бірыңғай стандарты бекітіледі

03.12.2024ж. 20:00
130
Оқушыларды тамақтандырудың бірыңғай стандарты бекітіледі

Енді мектепте кондитерлік өнімдер, балмұздақ және тәтті сусын мен энергетиктер сатылмайды. Гамбургер, хот-док, пицца секілді тағамдарды да қолдануға тыйым салынбақ. Денсаулық сақтау министрлігі оқушыларды тамақтандырудың бірыңғай стандарттарын бекітуге кіріскен. Құжатта балалар денсаулығына зиян келтіретін өнімдерді мектеп асханасынан алып тастау туралы жазылған. Десе де, әлі нақты шешім шыққан жоқ. Жобаны талқылау 17 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұған қатысты Ғани Бейсембаев өз пікірін айтты.

ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:

Бұл норма сапаны жақсарту үшін қабылданғалы тұр. Үкімет басшысы тағамның халықаралық талаптарға сай болуын қадағалаңдар деп тапсырма берген. Сондықтан біз денсаулық сақтау министрлігімен бірлесеп тиісті жұмыс атқардық. Қазір қабылдау ғана қалды.