Павлодар тұрғыны 8 айдан бері еңбекақысын толық ала алмай жүр. Ол облыстық ветеринария станциясына көлік жүргізушісі болып жұмысқа орналасқан. Алайда, көлік жүргізушісімен қоса программист қызметін де қоса атқарыпты. Басшылық бастапқыда оны программист қызметіне ауыстыруға уәде еткен. Кейін мекеме басшысы ауысып кетіп, ол далада қалса керек. Амалы таусылған тұрғын «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауына кеп, көмек сұрады.
АЗАМАТ ШӘКІРБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Жылдың соңында жаңа компьютерлердің партиясы келді. Соларды облыс бойынша қажетті аудандарға апарып, бағдарламаларын орнаттым. Басшылық маған ақпан айында штат мәселесін шешеміз - деп күте тұруымды өтінді. Бірақ, сол күткеннен қазанға дейін күттім. Мені программист ретінде жұмысқа алмады. Ал жасаған жұмысымның жалақысын толық төлеген жоқ.
Бұл мәселені халық қалаулысы өз бақылауына алатынын жеткізді. Еңбек дауын шешу бойынша құзырлы органдарға хат жолданады. Қоғамдық қабылдауда баспана мәселесі де көтерілді. Оңтүстік өңірден көшіп келген тұрғынның үй алуда қиындықтар туындаған. Қазір оған қажетті көмек көрсетіліп жатыр.
АСЫЛБЕК ТУҒАНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Біз өз тарапымыздан сол сұрақтарға жауап беретін мемлекеттік органдардың өкілдерін шақырып, осы жерде әрбір сұрағын жіті қарастырып, сұрақтарджың оң шешімін табуына. Тіпті болмағанда, жергілікті билік арқылы кеңес беріп, сұрақтың қалай шешілу жолдарын көрсетіп, халыққа қолымыздан келгенше көмек жасауға тырысамыз.