$523.17 €550.06 ₽4.93
×

Өскеменде инклюзивті қоғамды дамыту мәселелері талқыланды

03.12.2024ж. 20:00
191
Өскеменде инклюзивті қоғамды дамыту мәселелері талқыланды

Өскеменде инклюзивті қоғамды дамыту мәселелері талқыланды. Шара ерекше қажеттіліктері бар жандар күніне орай орайластырылды. Жиналғандар шешуді қажет ететін проблемаларды талқылап, өңірде қолға алынған табысты жобалармен бөлісті. Бүгінде барлық әлеуметтік-мәдени нысандарға пандустар орнатылған. Облыс бойынша олардың саны 370-ке жетті. Сондай-ақ өңірде жұмыспен қамту бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Қазірдің өзінде 547 ерекше жан жұмысқа орналасты.

СВЕТЛАНА КРИВИЦКАЯ, ШҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «АМАNАТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Инклюзивті қоғамды дамыту туралы күнделікті түрлі жобалар қолға алынуда. Біз, әрине, депутаттар ретінде бұл мәселелерден шет қала алмаймыз. Сондай-ақ біздің партиялық жобаларымыз бар. Мұнымен қоса жалпы білім беретін мектептерді, медициналық-әлеуметтік мекемелерді қадағалап, балалардың білім алып, олардың дамуы үшін тиісті жағдай жасалғанын нақты анықтайтын пункттер бар.