Оңтүстік
Қазақстан облысының Отырар ауданында шыбын-шіркей көбейді. Күн сайын жәндік
шаққан 40-50 адам емханаға баратын көрінеді. Өйткені шіркей шаққан жер қызарып,
аллергиялық реакция тудырса керек.
Астана іргесіндегі Қосшы ауылының тұрғындары
да масадан мезі болды. Олар да балаларын ауруханаға көрсетуге мәжбүр. Ал
аллергологтар оларды улаған сайын дәріге қабілеті күшейіп, шаққан адамда
аллергия пайда болатынын айтады. Айбек Қосан тарқатады.
Сәуле Терембаева немересін күнгізгі уақытта, оның үстіне тек желді күндері далаға шығаруға тырысады. Өйткені маса көп. Жақында маса шаққан немересін дәрігерге көрсетуге мәжбүр болыпты.
Сәуле Терембаева, «Лесная поляна» шағын ауданының тұрғыны:
Маса деген адам айтқысыз ғой. Кішкене немеремнің беті-басы, қызылша ауруы болады ғой, сол сияқты. Кеше поликлиникаға барсақ, балаларын жолатпайды. «Апай мынау не? Жаман ғой»,- деп. Білмеймін, елдің бәрі қалай тұрып жатқанын?!!
Целиноград ауданы әкімдігінің өкілдері, масаны улаумен арнайы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы айналысады, дейді.
Әбсаттар Иса, Целиноград ауданы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы:
Ол жерде тұрғындардың бірігіп ұйымдастырылған КСК өзінің арнайы ұйымдары бар. Солар арқылы 34 үй біріктірілген. Олар арнайы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізетін ұйымдармен жыл сайын олар келісімшарт арқылы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп отырады. Олар бастап та кетті осы уақытта. Ал аллерголог қазір бұған бей-жай қарауға болмайды деп отыр. Химиялық заттардың көбеюі жәндіктердің азғасына өзгеріс енгізсе керек.
Ботагөз Дәулетова, аллерголог-дәрігер:
Ас тағамдарында тұрмыстық химия мен консерванттардың көптеп қолданылуы балалар мен ересектерге ғана емес, жәндіктерге де кері әсерін тигізеді. Шыбын-шіркейлердің санын азайту үшін түрлі сұйықтықтар қолданылады ғой. Ал маса адамды шаққан кезде, осы улағыш заттар адам денесіне енеді. Ағзаның осылай тітіркенуі инсекті аллергия деп аталады.
Үлкен масасымен ерекшеленетін Атырау халқы биыл масадан ада болады. Өйткені жергілікті бюджеттен 130 миллион теңге бөлінген.
Рафхат Жолдыев, қалалық ТҮКШ сектор меңгерушісі:
Биыл дезинфекцияға 130 миллион теңге бөлінді. Бірақ масамен күреске 52 миллион жеткілікті деп тапқан «Биоген Инжиниринг Лимитед» фирмасы мемлекеттік тапсырысты жеңіп алды.
Айнагүл Дәулетиярова, энтомолог:
14 лотпен жұмыс жасап жатырмыз. 14 лотқа кіретіні қала бойынша 9 ауылдық округ, 942 үй, қала көшелері, демалыс орындары, ашық водоемдар, Каспий теңізінің жағалауы. Құрамымызда 18 дезинфектор, 6 бригада жұмыс жасайды.
Дегенмен,
мамандар маса шақпас үшін балаларды су қоймалары мен қоқыс орындарынан аулақ
ұстауға кеңес береді.
Айбек ҚОСАН