$521.81 €543.67 ₽5.05
×

Павлодарда екі баланы көлік қағып кетті

AstanaTV
04.12.2024ж. 08:16
151
Павлодарда екі баланы көлік қағып кетті

Павлодарда екі баланы көлік қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Павлодар облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. 

"Mazda көлігінің жүргізушісі Академик Сәтбаев пен Кривенко көшелерінің қиылысында кәмелетке толмаған балаларды қағып кетті. Апат салдарынан балалар облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Көлік айыптұрағына қойылды. Тергеу жүргізілуде", – делінген хабарламада. 

“Журналистерге айтсаңдар, тартып аламыз”: Ақтөбеде ерлі-зайыптыны қағып өлтірген полицей жәбірленушілерге үй беріп, талап қойған

Павлодар облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, сүйектері сынған 2008 жылы туған ұл бала ауруханаға жатқызылған. Ал қыз бала тексеруден өтіп жатыр.