Бүгінде
«Жас Отан» жастар қанаты сапындағы жамбылдық жастардың саны 14 мыңнан асқан.
Бұл туралы «Менің таңдауым - Жас Отан!» атты аймақтық ауқымды форум барысында
айтылды. Таразда өткен басқосу барысында жасотандықтардың ішкі активін
қалыптасыру жолы негізгі назарға алынды. Әлемдік білім мен мәдениеттің озық
үлгілерін жастар бойына сіңіруде қандай қадамдарға бару керектігін арнайы шақырылған
аға буын өкілдері айтты. Мәселен, жастардың жауы жалқаулық болмауы керек деген
секілді қарапайым, бірақ керекті кеңестер көпшілікке ой салды.
Сондай-ақ,
Тараздағы жоғары және орта оқу орындары студенттерінің басын бір арнаға
тоғыстырған шарада ән әуелеп, күй күмбірледі. Концерттік бағдарламаға тіпті
айтыскер ақындар да қатысып, "Жас Отанды" жырға қосты. Сондай-ақ, бұл
басқосуға облыстың қос ауданынан ең жас екі депутат та қатысты. Олар форум
барысында "Жас Отаннан" шыққан үздіктер ретінде көпге үлгі етілді.
Форум соңында 10-нан аса белсенді жас «Жас Отанның» жаңарып, жаңа биіктерге
жету жолында үлкен үлес қосқандары үшін арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Бақкелді Тұрсынбек, «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы:
Форумның
нақты мақсаты - Елбасымыздың қазіргі таңдағы жүргізіп жатқан саясатын жастар
арасында насихаттау және де қазірі таңда елімізде болып жатқан барлық
өзгерістер мен саяси өзгерістермен жастарды хабардар ету болып таылады. Бүгінгі
күнде «Жас Отан» жастар қанатының сапында 14 мың 222 жас бар. Бұл 2016 жылмен
салыстырғанда 12%-ға өскен.