Алматыда жарнама ілетін 26 жастағы альпинист 12-қабаттан 2-қабаттың балконына құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиға 3 желтоқсан күні түстен кейін болды. «ДДК-экстрим групп» ЖК өнеркәсіптік альпинисі Төле би көшесіндегі 16 қабатты «Assem Plaza» тұрғын үй кешенінің қасбетіне жарнамалық баннер орнатқан.
Оқиғаға қатысты Полиция департаменті түсініктеме берді.
«Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі 27 жастағы жігіттің өліміне әкеп соқтырған еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.