Танымал әнші Ерке Есмахан жеке бизнесіне қатысты өз ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жеке атымен аталатын алқа ойлап тапқан еді.
“Уайымсыз өмір сүріп жүрген мен екенмін. Жұрт саудасын айқайлатып жүргізіп жатады. Ал мен айтуды ұмытып кетіппін. Мүмкін, мақсатым – ақша табу болмағасын шығар. Бұл бұйым мен үшін тұнған өнер. Мән мағынаға ие. Мен сіздерге тілеген денсаулық, бақыт, атақ, байлықты күмәнсіз қабылдайтын арулар ғана тағуы керек”, – деп жазды Ерке.
Еске салайық, өнер иесі екінші рет тұрмысқа шыққанға дейін өмірінің күрделі болғанын жасырмаған еді.
“Бәрін қайтадан бастауым керек. Менің қолымнан келеді. Арманымдағы өмірге қол жеткіземін” деп өмір сүрдім. Әр қиындықтың бір жеңілдігі барына сендім. Көп ұшып, дұрыс ұйықтамай, тамақты уақытылы ішпей, денсаулығым сыр берді. Өмірімде баланс болмады. Ақшаны жақсы тапсам да, ертеңгі күніме сенімсіз болдым", – деп жазды шоу-бизнес өкілі.