$503.42 €542.08 ₽6
×

2025 жылы Алматыда туристерді тарту үшін тау инфрақұрылымын дамыту жалғасады

AstanaTV
04.12.2024ж. 16:37
335
2025 жылы Алматыда туристерді тарту үшін тау инфрақұрылымын дамыту жалғасады

2025-27 жылдарға арналған бюджеттің тиісті жобасын Алматы Мәслихатының алдағы сессиясында қарау жоспарлануда. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы саяхатшылар үшін жаңа мүмкіндіктер жасап, халықаралық туристік индустриядағы мәртебесін нығайта отырып, туристік әлеуетті дамытуды жалғастыруда. 2025 жылы Алматыда таулы және қалалық инфрақұрылымды дамытуға 697,4 миллион теңге бөлінеді. 

Жоспарда навигациялық объектілері бар 10 тау маршруттарын құру, жету қиын жерлерде күн панельдері бар 3 кемпинг-аймақтарды жайластыру, «Алма-Арасан» термалды көзін реконструкциялау, туристік объектілердің тактильді үлгілерін дайындау, ақпараттық орталықтарға, тотемдер мен терминалдарға қызмет көрсету бар. Бұл іс-шаралар Алматының бірегейлігін, оның мәдени және табиғи көрікті жерлерін, сондай-ақ туристік өнімдердің алуан түрлілігін көрсетеді.