$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Астанада «Тектілік – асыл қасиетіміз» атты республикалық конференция өтті

Астанада «Тектілік – асыл қасиетіміз» атты республикалық конференция өтті

Астанада «Тектілік – асыл қасиетіміз» атты республикалық конференция өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» деп атаған болатын. Осыған орай, жыл көлемінде жастарды асыл қасиетке баулу, зиянды қылықтардан аулақ болуға шақыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылды. Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен жыл шеңберінде өткен жиындар қорытындыланды. Конференцияда тектілік ұғымының қазақы таным-түсінігі және шариғаттағы мәні кеңінен талқыланды. 

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ, ТАҒАНҰЛЫ ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ:

Қазіргі кезде жастарымыз өкінішке орай, әртүрлі ойындардың ізіне түсіп, болмаса әртүрлі ақпараттарға алданып, өзінің тәрбиелік қасиетіне зиян тигізетін дүниелерге бой алдырып қойып жатыр. Соны алдын алу үшін біз қолымыздан келгенше осы тектілікті дәріптеу, тектілік біздің қасиет екенімізді ұғыну, жастарға соны жеткізу мақсатында өткізіп жатырмыз.