$495.28 €538.32 ₽5.77
×

Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл

04.12.2024ж. 20:00
507
Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл

Биыл қазақтың ақын қызы, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл. Осыған орай Астанада "Өлеңмен өрілген өмір" атты поэзия кеші өтті. Онда жиналғандар ақынның жауһар жырларын оқып, әндерін шырқады. Көзкөргендер естеліктерімен бөлісті. Фариза Оңғарсынова өмірінің соңына дейін қазақтың сөз өнерін биік белеске шығарып, поэзияға жаңа леп әкелді. Қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосты. Ол оқырманның жүрегіне жол тауып, халықтың ой-арманын, жан дүниесін бейнелей алды. Шараның басты мақсаты өскелең ұрпаққа ақынның өмірі және шығармашылығын таныстыру, оның поэзиясын насихаттау, жырлары арқылы жастарда тәрбиелеу. 

ГҮЛЖАН ЖҰМАШОВА, ҚАЗҰӨУ ПРОФЕССОРЫ:

Апай былай қатты болғанымен өте нәзік адам. Ал нәзіктігімен бірге оны қыз Махамбет деп атайды халық. Осы атына ол өте лайықты адам. Бір туар ғалым.