Алматыда өнеркәсіптік альпинист биіктен құлап, қаза тапты. Қайғылы оқиға Толе би көшесінің бойында орналасқан 16 қабатты тұрғын үй кешенінде болған. Ғимарат қабырғасына жарнамалық баннер ілу кезінде альпинист үйдің 12 -ші қабатынан құлап кеткен. Қазір полиция департаменті 27 жастағы жігіттің өліміне әкеп соқтырған еңбек ережелерін бұзу бабы бойынша тергеп тексеру шараларының басталғанын айтты.