$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Шығыс Қазақстанда отандық және ресейлік онкологтар бірлескен операциялар жасауда

04.12.2024ж. 20:00
246
Шығыс Қазақстанда отандық және ресейлік онкологтар бірлескен операциялар жасауда

Шығыс Қазақстанда отандық және ресейлік онкологтар бірлескен операциялар жасауда. Бұндай тәжірибе алмасу дәрігерлердің біліктілігін арттырады. Сондай-ақ, күрделі процедуралар науқастардың қысқа мерзімде аяғына тұруына септігін тигізеді. Ұлт денсаулығын нығайту, медициналық мекемелерді жабдықтау және скринингтер жүргізіп, облыстағы барлық ауруханаларды PACS жүйесіне қосу, сондай-ақ мамандар даярлаудың өңірлік бағдарламасын қолдау «АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізілген. Оның орындалуы партия мүшелерінің тұрақты бақылауында. Бюджетті жасақтау кезінде облыстағы денсаулық сақтау мәселесі бірінші орында, дейді – аманаттықтар. 

ГҮЛМИРА САҒИДУЛЛИНА, ШҚО КӨПСАЛАЛЫ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Клиникамыздың жабдықталу деңгейі бүгінде түрлі елдерден әріптестерімізді шақырғанда жоғары деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Олар болса техника деңгейіндегі айырмашылықты сезбнй операция жасайды. Біздің ынтымақтастығымыз тұрғындардың облыстан тыс жерлерге шықпай, барлық жоғары дәлдіктегі медициналық көмекті орталық қабырғасында алуы үшін үлкен нәтиже беріп келеді