Елордада ерекше форматта өткен «Тең мүмкіндіктер» инклюзиялық спорт фестивалінің жеңімпаздары марапатталды. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық бала қатысты, оның 66-сының ерекше қажеттілігі бар. Фестиваль «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының бастамасымен «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ұйымдастырылды. Мұндай ауқымды шаралар қоғамда салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді. Фестиваль республикалық деңгейде алғаш рет өткізілді.
ШОЛПАН КАРИНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Бұл фестивальдің маңызы өте зор. Елімізді әлеуеттендіру, елімізде инклюзивті орта құру, инклюзивті мәдениет құру мәселесі біздің мемлекетіміздің басты басымдықтарының бірі. Алдағы уақытта тең мүмкіндіктер фестивлін әрі қарайғы уақыттарды да облыс деңгейлерде де, аудандық деңгейлерде де мектепішілік жарыстарды ұйымдастырып, үнемі біздің балаларымыздың жағдайын жақсартуға елімізді әлеуеттендіруге жұмыс жасайтын бірден бір фестиваль болатынына сеніміміз зор.
Барлық қатысушы арнайы медальдармен, ынталандыру сыйлықтарымен және дипломдармен марапатталды. Бұл– ерекше қажеттілігі бар балалардың спортқа қызығушылығын арттыруға және олардың әлеуетін ашуға бағытталған маңызды қадам.
МЕРУЕРТ АСҚАРБАЕВА, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ №8 МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ:
Бұл фестиваль ерекше білімді қажет ететін оқушыларға олардың мынау қоғамда өз орындарын табуына үлкен үлес қосып жатыр деп ойлаймын. Бұл ерекше қажеттілігі бар балалардың өмірге деген құлшынысын арттырып өзіне деген сенімін, ерік-жігерін алға қойған мақсатына жету үшін тайынбай еңбек етуіне үлкен үлес қосады деп ойлаймын
ӘМІРЛАН ӘШІМ, ҚАТЫСУШЫ:
Біз екінші орын алдық. Өте керемет болды. Басқа мектептерден достар тауып алдым. Жаңадан сөйлесіп енді араласып жүрміз. мен өте қуаныштымын осы жарысқа қатысқаныма және осы жарыс өткеннен кейін менің көңіл күйім өте қатты көтерілді.