$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

AstanaTV
04.12.2024ж. 19:19
372
Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Жол апаты салдарынан зардап шеккен адам түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 желтоқсан күні Назарбаев даңғылы-Толстой көшесі қиылысында Hyundai Accent маркалы автокөліктің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткен.