Блогер әлеуметтік желіде өзінің әскер қатарына шықырылғаны жайлы айтты, деп жазды turkystan.kz.
“Маған қоңырау шалып: "Бауырым, сен қайдасың?" деді. "Мен бауырың емес, қарындасыңмын" деп жауап беріп, трансгендер Амилай екенімді түсіндірдім. Маған төлқұжатымды алып, дүйсенбіде келу керегін айтты", – деді блогер.
Блогер әскерге барынша әдемі болып баратынын да айтқан.
"Мен армияға дайындаламын. Шашымды, кірпіктерімді ұзартамын. Әскерде әдемі болып жүремін. Әр түрлі жігіттер мен офицерлерді өзіме ғашық етуім керек”, – деді ол.