$515.25 €535.91 ₽5.18
×

Атырауда есірткі тасымалдаған 60 адамның арасында 9 әйел, 3 жасөспірім болған

AstanaTV
05.12.2024ж. 11:06
222
Атырауда есірткі тасымалдаған 60 адамның арасында 9 әйел, 3 жасөспірім болған

 Атырауда есірткі тасымалдаған 60 адам ұсталды. Олардың арасында 9 әйел, 3 жасөспірім болған, - деп жазды KAZINFORM.

Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының басшысы Елдос Қыдырсиховтың мәліметінше, 10 айда жүйкеге әсер ететін заттарды қолданған 2498 адам бақылауға алынған. Оның 1977-сі алкогольге тәуелді болған. Ал, 521 адам нашақор ретінде есепте тұр.

– Тіркеуге алынған нашақорлар арасында 27 әйел бар. Есірткі тұтынушылардың басым бөлігі – жастар. Қазір оларға Атырау қаласындағы емханалар жанындағы бастапқы психикалық денсаулық орталықтарында амбулаторлық медициналық-әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жеті аудан орталығында дәл осындай осындай психикалық денсаулық кабинеттері арқылы көрсетіліп келеді. беріледі мен қалалық емханалар жанындағы бастапқы психикалық денсаулық орталықтары арқылы беріледі. Ал, облыстық психикалық денсаулық орталығында наркологиялық науқастарға арналған 61 орын төсек жабдығымен жабдықталған, - деді Елдос Қыдырсихов. 

Атырау облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Марьяна Жанғалиеваның дерегіне қарағанда, жыл басынан бері «Кибер-қадағалау» бағдарламасымен есірткі жарнамалайтын 230 сайт анықталған. Осы кезеңде 100-ден астам граффити жазбасы жойылған.

– Жыл басынан бері облыста есірткіге қатысты 162 құқық бұзушылық дерегі анықталды. Тыйым салынған есірткі заттарын тасымалдаған 60 адам ұсталды. Оның ішінде 9 әйел, кәмелетке толмаған 3 жасөспірім бар. Заңсыз айналымнан 250 келіден астам есірткі тәркіленді», - деді Марьяна Жанғалиева. 

Оның іпікірінше, есірткіге қарсы күрестің тиімді жолы – проифилактаға назар аудару. Осы орайда Атырау қаласындағы QR-кодтар тексеріліп жатыр. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда есірткі үшін жауапқа тартылғандардың 60 пайызы – жергілікті тұрғындар екенін жазған едік.