Жыл басынан бері Активтерді қайтару комитеті 900 млрд теңгеден астам заңсыз шығарылған қаржыны қайтару бойынша келісімді мақұлдаған. Бұл қаржыға Шымкентте жатақхана, Ақтөбеде балабақша, Түркістан облысы Темірлан ауылында өнер мектебі, Риддерде аурухана, Ақмола облысы Зеренді ауылында спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Комитет төрағасы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.
НҰРДӘУЛЕТ СҮЙІНДІКОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ АКТИВТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бүгінде арнаулы мемлекеттік қорға түскен қаражат 188 млрд теңгеге жуық. Ол ақшалай, нақты Үкіметтің есепшотында жатқан қаржы. 87 млрдқа жуық соммаға активтер нақты заттай ретінде берілді. Оның ішінде жылжымайтын мүлігі бар, оқта-текте елді қызықтырып жүрген әшекей бұйымдар бар.