$521.81 €543.67 ₽5.05
×

Елордада отбасылық шежіре фестивалі өтті

05.12.2024ж. 20:00
270
Елордада отбасылық  шежіре фестивалі өтті

«Менің отбасымның тарихы – Отанымның тарихы». Елордада осындай атаумен шежіре фестивалі өтті. Шара Тәуелсіздік күніне арналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұндай фестиваль жас ұрпақтың әлеуметтік-адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, бағалауға үйретеді. Фестивальге қатысушылар «Үлгілі отбасы», «Ұлттық құндылықтарды насихаттайтын отбасы», «Тарихы терең отбасы» сынды номинациялармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды. 

РУСЛАН ЖЫЛҚЫБАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Конкурстың маңызы мен мағынасы керемет. Отбасының іргесі бірлігі, атқаратын тірлігі, ынтымағын көрсету мақсатында осындай керемет іс-шараны ұйымдастырып отыр. Біз 53-ші «Мерей» балабақшасынан қатысып отырмыз. Ән саламыз осындағы кермет отбасыларға тамсанамыз. Біз ынтымақты көрсетіп бізден кейінгі жастарға, жаңадан отбасын құрғандарға ынтамақтастықты дәріптеу нұр үстіне нұр.