$514.93 €536.04 ₽5.18
×

Жедел жәрдем қызметіне күніне 6 мың қоңырау түседі

05.12.2024ж. 20:00
241
Жедел жәрдем қызметіне күніне 6 мың қоңырау түседі

Жедел жәрдем жедел жете ме? Жұртшылық арасында бұған қатысты пікір көп. Алайда, халыққа 24 сағат үздіксіз қызмет көрсететін бригадалардың өз қағидаты бар көрінеді. Біздің тілшіміз Айдана Қайрат мамандармен бір күн бірге болды. Қазір елімізде ауру тіпті өршіп тұр. Шақырту көп. Күніне 6 мыңнан астам қоңырау түсіп жатыр.

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Елорданың әр ауданында 4 подстанция бар. Сонымен қатар жедел жәрдем бригадасының қосымша 10 тұрағы қызмет жасайды. Біз қазір Есіл ауданында орналасқан подстанцияның біріндеміз. {Жедел медицининалық көмекпен толғырақ танысатын боламыз.

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Алдымен ақпараттық жедел диспетчерлік бөлімнен бастайық. Мұнда 20 адам жұмыс істейді. Қазір қыс мезгілі болғандықтан тыныс алу жолдарымен тұмау ауруларына шалдығатындар көп. Сол себепті қоңыраулар саны соңғы аймен салыстырғанда 40% артқан. Яғни күнделікті 6 мыңнан астам шақырту осы диспетчерлік бөлімге келіп түседі.

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Кезекті қоңыраулардың біріне келдік. 48 жастағы әйел адам кеуде тұсындағы ауруларға шағымданған. Қызметкерлермен бірге бұл жерге біз бүнда 10 минуттың ішінде жеттік

ҒАЗИЗА ӘБІЛДА, ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ БРИГАДАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

Бізде бригадалар бөлінеді. Дәрігерлік бригадалар және фельдшер бригадалар бар. ОРВИ өршіген кезде вызовтар өте көбейеді. Тәулігіне екі есеге көбейеді температурамен.

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Адам өміріне қауіп төну. Бұндай қоңыраулар бірінші санатқа жатқызылады және осындай жағдайларды көлік жүргізушілері діттеген орынға барынша тез жетуі тиіс. Оған берілетін уақыт кемінде 15 минут.

ӘЗІЛХАН ТӘТКЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:

Бірінші срочность, екінші срочность бар}. Бірінші срочностьқа 10 минутта жетуіміз керек 10 минутта. {Жаңағы бізде Есіл ауданы үлкен. }Центрдан осы жағалауға жету 10 минутта оңай емес. Сол зеленый каридор аламыз, көбінесе сол арқылы жетуге тырысамыз. Час пик уақытында жету қиын тағы уақыт. {Вызов Есіл ауданы болғаннан кейін өте көп. Сутка бойы.

 АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Қазір мұнда 145 жедел жәрдем көлігі бар. Күнделікті олардың 110-ы шақыртуларға шығады. Бүгін біз жедел жәрдеммен екі сағат уақытымызды өткіздік. Үш шақыртуға барып үлгердік. Науқатардың жағдайы жақсы. Біруін ауруханаға жеткіздік. Қалғандары үй жағдайында емді жалғастырады.

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Қызметкерлер бұл подстанциЯдан шыққан соң тек бір тәуліктен соң қайтып келеді. Олар күн демей, түн демей алғашқы көмек көрсетеді.