$514.93 €536.04 ₽5.18
×

Қарағанды облысында 30 жыл күткен мектеп пайдалануға берілді

05.12.2024ж. 20:00
234
Қарағанды облысында 30 жыл күткен мектеп пайдалануға берілді

Қарағандыдағы Күнгей шағын ауданы тұрғындарының көптен күткен арманы орындалды. 850 орындық мектеп пайдалануға берілді. Бұған дейін жұртшылық балаларын оқу үшін алысқа таситын. Енді оқушылар бос уақытын да жаңа білім ордасында өткізеді. Заманауи стандарттарға сай салынған нысанда шығармашылықпен, спортпен айналысуға да бар жағдай жасалған. 

БАХЫТ ҚАЛМАҒАНБЕТОВА, № 26 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Қосымша сабақтардан кейін түстен кейін бізде үйірмелер бар. Онда домбыра, қобыз тартуды үйреніп, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойнауына болады. Бізде 30 жыл бойы мектеп болған жоқ.

30 жыл өз үйіне жақын жерде мектепке бара алмаған балалардың арманын орындауға «АMANAT» партиясы атсалысқан. Құрылыс барысын фракция мүшелері толыққанды бақылады. Тіпті, спорт залы, асхана, сыныптар мен кітапхананың дизайнына да үлес қосқан. Енді партиялықтар өңірдегі құрылысы тұралап қалған 10 жайлы мектеп пен тағы 10 білім ордасының құрылысын мұқият бақылаймыз дейді.

 БЕКЗАТ АЛТЫНБЕКОВ, «АMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Партиялық бақылау бекеттері орнатылған. Қандай деңгейде жүргізіліп жатқанын тікелей бақылап отырмыз. Біздің жол картамызда көрсетілген әрбір мәселе мен шараның құрылыс негізін өзіміздің бақылауда ұстап отырмыз. Халыққа берілген уәде мәндетті түрде іске асады. +Біз «Аманат» партиясы халық алдындағы міндетімізді орындауға тиіспіс деп есептеймін.