Әлем бойынша көш бастап тұрған John Dееrе компаниясы өндіретін ауыл шаруашылығы техникасы енді Қазақстанда құрастырылуы мүмкін. Бүгін Мәжілісмендер компания өкілдерімен кездесіп, өндірісті ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Олар елімізде техника құрастыруға бұған дейін бірнеше рет оқталған, бірақ нәтиже шықпады. Қазір Қазақстанда компания өнімдерінің дилері жұмыс істейді. 14 сервистік орталық ашылған. Жақында үш жақты меморандумға қол қойылды. Депутаттардың айтуынша, бұл қадам отандық шаруалар үшін тиімді болмақ. Себебі, техника бағасы арзандайды.
ЕРКЕБҰЛАН МӘМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Елімізде жиналатын зауыттарға 30 пайыз субсидия беріледі. Сол арқылы төмендейді. Екіншіден, қосымша салық НДС төленбейді 12 пайыз, тағы басқа таможенный пошлина, утилизационный сбор басқа да қосымдар. Осы техника біздің елде жиналатын болса, техника арзандайды фермерлерге.