$508.42 €580.72 ₽6.48
×

Маңғыстау тұрғыны облыс әкімдігінің алдында өзін-өзі жағып жіберді

AstanaTV
05.12.2024ж. 17:48
285
Маңғыстау тұрғыны облыс әкімдігінің алдында өзін-өзі жағып жіберді

Маңғыстау тұрғыны облыс әкімдігінің алдында өзін-өзі жағып жіберді. Ол өңір басшысының жеке қабылдауына кіргізуді сұраған, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, бүгін, 5 желтоқсанда облыс әкімдігінің ғимаратына бір тұрғын келіп, әкімге жолықтыруды сұраған.

Әкімдік қызметкерлері оған тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізіліп жатпағанын, бекітілген графикке сәйкес жазылып келуін өтінген.

Сондай-ақ тұрғынды Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қабылдаған.

"Оған қанағаттанбаған азамат үстіне жанғыш қоспаны құйып, өзін өртеп жіберді. Полиция мен әкімдік қызметкерлерінің күшімен өрт жедел сөндірілді. Жедел - жәрдем шақырылып, ол келгенше зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.