Әлеуметтік желіде Алматыда табылған әйелдің мәйіті туралы ақпарат тарап жатыр. Марқұмның мәйіті Түрксіб ауданында табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Объективті мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді", - деп хабарлады полиция департаменті.