$522.63 €548.66 ₽5.07
×

Оңтүстік Корея депутаттары президенттерін тергеуді ұсынды

AstanaTV
06.12.2024ж. 15:35
203
Оңтүстік Корея депутаттары президенттерін тергеуді ұсынды

Оңтүстік Кореяның заң шығарушылары президентке қатысты тергеу бастау туралы прокурордың өтінімін қарастырды. Депутаттардың кейбіреуі Юн Сок Ельдің әскери жағдай жариялауын мемлекетке опасыздық жасауға теңеп отыр.

Бұл мәселе Ұлттық Ассамблеяның желтоқсанның 10-да өтетін пленарлық жиынында талқыланбақ. Ал басқарушы және оппозициялық партиялардың лидерлері президентке импичмент жариялау қажеттігін қайталады. Депутаттар бұған қатысты ертең кешке дауыс бермек.

Ал президент Юн Сок Ель болса, өзі енгізген әскери режим күшін тоқтатқаннан бері халық алдына шығып, сөз сөйлеген жоқ.,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.