Президент
Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркельді қызметінен босатты. Бұл
туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Ол президенттің жарлығымен Конституциялық кеңес мүшесі болып
тағайындалды. Иоган Меркель Бас прокуратурада 2008 жылдан бері еңбек етіп
келген болатын. Прокуратураның құрметті қызметкері "Құрмет",
"Даңқ" ордендерімен марапатталған.